"Қазгидромет" 12 қаңтардағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Болжам бойынша, дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын түседі.
– Батыс циклондары және оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран мен көктайғақ әкеледі, – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Түркістан облысында түнде жауын-шашын мол түседі (жаңбыр, қар), ал күндіз елдің шығысында қалың қар жауады деп болжанып отыр.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.