Танымал қазақстандық блогер Қайсар Камзаға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл ақпарат құқықтық статистика базасында жарияланған. Іздестіру ісі 10 қаңтарда Астанада тіркеліп, үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр.
Істі Қаржылық мониторинг агенттігі қозғаған, ал іздестіру жұмыстарын елорданың Экономикалық тергеулер департаменті жүргізіп отыр.
КОНТЕКСТ
Қайсар Камза — Instagram желісінде шамамен 2,4 млн жазылушысы бар танымал блогер. Ол даулы «қора-пати» кештерін ұйымдастырып, шетелдегі сапарларынан түсірілген видеолары, жазылушыларға арналған ұтыс ойындары мен онлайн-казино жарнамасы арқылы танылған. Блогердің аты бұған дейін де ресми хабарламаларда бірнеше рет аталған. Бұған дейін ол заңсыз онлайн-ұтыс ойындарын өткізгені үшін айыппұл төлеген — айыппұл көлемі 1,1 млн теңгеден асқан.