×
509.94
593.88
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.94
593.88
6.43

БҚО-да шенеунік ұсталды: кеденде 1,9 млрд теңге жымқырылған

Бүгін, 10:24
БҚО-да шенеунік ұсталды: кеденде 1,9 млрд теңге жымқырылған
Коллаж: ulysmedia.kz

Мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттағандар әшкере болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

Олар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен. Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыдан құжатталған.

ШЫҒЫН

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрд теңге. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары