×
509.94
593.88
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.94
593.88
6.43

Дипфейк қолдану харам ба?

Бүгін, 11:10
Дипфейк қолдану харам ба?
stock.adobe.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дипфейкті қолдануға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Айта кетейік, дипфейк (ағылшын тілінен deep learning – «терең оқыту» және fake – «жалған») – жасанды интеллектті қолдану арқылы жалған бейнежазбалар жасау технологиясы.   

ҚМДБ мәліметінше, ислам діні ғылым мен технологияның дамуына, жаңалық ашуға тыйым салмайды.

- Алайда бұл даму адамзат игілігіне, әділеттілікке, адамгершілікке негізделіп, шариғаттың аясында жүзеге асуы тиіс. Сондықтан кез келген технология игі мақсатта қолданылса – рұқсат, ал жамандыққа, зиянды мақсатта қолданылса тыйым салынады, дейді ҚМДБ өкілдері. 

Deepfake технологиясы арқылы адамның шын мәнінде айтпаған сөздерін айтқандай немесе істемеген іс-әрекеттерін істегендей етіп жасау, жалған ақпарат тарату, шариғат бойынша қатаң тыйым салынады.

- Мұндай жалған ақпарат тарату ел тыныштығын бұзып, қоғам ішінде іріткі тудырады. Алдын алмаса, салдары елдің ынтымақ-бірлігіне сызат түсіріп, қоғамға залалын тигізеді, – дейді басқарма өкілдері. 

Deepfake әдетте өзгеге зиян келтіру мақсатында пайдаланылады.

- Сонымен қатар, мұндай контент адамдарды қорқытып, өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Ал ислам діні адам өмірінің қауіпсіздігін ең маңызды мақсаттарының бірі ретінде қарастырады. Тіпті қалжың түріндегі қорқытуға да шариғатта қатаң тыйым салынған, – дейді басқарма өкілдері. 

ШЕШІМ

Дипфейк технологиясы арқылы адамның шын мәнінде айтпаған сөздерін айтқандай немесе істемеген іс-әрекеттерін істегендей етіп жалған ақпарат таратуға, адамдарды алдауға шариғатта тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары