×
509.94
593.88
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.94
593.88
6.43

Алматыда крематорий іске қосылады

Бүгін, 14:23
Алматыда крематорий іске қосылады
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы крематорийдің алдағы күндері жұмысын бастайтынын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ведомствоның мәліметінше, 9 қаңтарда Әділет министрлігінде Ұлттық экономика министрлігінің жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы тіркелген.

Қабылданған өзгерістер крематорийлердің қызметін құқықтық тұрғыда реттеп, Қазақстан аумағында кремация рәсімін алғаш рет заңнамалық деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматы қаласындағы крематорий жұмысын бастап, санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып, белгіленген тәртіппен қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар қазір кремация қызметтеріне арналған тарифтерді бекіту рәсімі Алматы қалалық патологоанатомиялық бюросының бақылау кеңесі арқылы жүргізіліп жатыр.

Қызмет құны мен көрсетілу тәртібі туралы ақпарат аталған мекеменің ресми сайтында жарияланатын болады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв Алматыда 2021 жылдан бері салынған крематорий әлі күнге дейін іске қосылмағанын айтқан болатын. Депутат мәселенің өзектілігін Алматыдағы зираттардың тапшылығымен байланыстырды. Қаладағы 70 зираттың 61-і жабық, жаңа жерлеу орындары жоқтың қасы.

Серіктес жаңалықтары