×
509.94
593.88
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.94
593.88
6.43

Қазақстандық саясаттанушы пропагандист Соловьевке жауап берді

Бүгін, 16:32
Қазақстандық саясаттанушы пропагандист Соловьевке жауап берді
Фото: Kremlin.ru

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев ресейлік пропагандист Владимир Соловьёвтің Орталық Азияны «Ресейдің ықпал аймағы» деп атап, өңір елдеріне қарсы «арнайы әскери операция» жүргізуді жоққа шығармаған даулы мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Этикаға қайшы мәлімдеме

Саясаттанушының айтуынша, ресейлік тележүргізуші ашық түрде халықаралық құқықты елемеуге шақырып отыр.

— Бұл не: Кремльдің Венесуэлаға қатысты АҚШ әрекетіне жанама реакциясы ма («оларға болады екен, демек бізге де болады»), Орталық Азия мен Кавказға жіберілген ескерту ме («тым алысқа бармаңдар, әйтпесе от пен қылышпен келеміз»), әлде Соловьёвтің жеке демаршы ма? Бәлкім, осының бәрі қосылып тұрған шығар, — деді Ғазиз Әбішев.

Ол мұндай себепсіз әрі ашық мәлімдемелер достас мемлекеттерге қатысты халықаралық қатынастар этикасын өрескел бұзу екенін атап өтті. Оның үстіне Қазақстан мен Ресей президенттері жуырда ғана бір-бірін құттықтап, одақтастық қатынастар туралы айтқан еді.

— Өз еліңнің геосаяси мүдделерін айту бөлек, бұл қалыпты нәрсе. Ал көршілермен ықтимал әскери қақтығысқа қоғамды алдын ала дайындау басқа нәрсе, — деді саясаттанушы.

Сонымен қатар, Әбішевтің пікірінше, өшпенділікке құрылған мұндай риторика өз мақсатын орындап жатыр. Соловьёв сияқты демагогтардың кесірінен Қазақстанның Қытаймен, Түркиямен және басқа елдермен бейбіт экономикалық ынтымақтастығы кейбір ресейліктер үшін «сатқындық» не «достыққа жат әрекет» ретінде қабылдана бастайды.

КОНТЕКСТ

Владимир Соловьёв Ресей Украинамен ғана емес, посткеңестік кеңістіктегі басқа елдерге де халықаралық құқықты елемей, «арнайы әскери операция» жүргізе алатынын мәлімдеген. Ол Орталық Азия мемлекеттерін Мәскеудің «ықпал аймағына» жатқызған.

Серіктес жаңалықтары