×
509.94
593.88
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.94
593.88
6.43

Ақылы жолдардан 100 миллиард теңге кіріс күтіліп отыр

Бүгін, 20:40
Ақылы жолдардан 100 миллиард теңге кіріс күтіліп отыр
Ulysmedia коллажы

2026 жылдың басынан бастап Қазақстандағы ақылы жолдар тізімі тағы да кеңейді. Жаңа енгізілген бағыттар жөнделіп, ұлттық және халықаралық стандарттарға сай етіп жасалған, деп хабарлайды 

ТІЗІМ

Биылғы жылы қосымша алты жол ақылы болды:

  • Қарағанды – Балқаш (363 км)
  • Бурылбайтал – Құрты (228 км)
  • Ақтөбе – Қандыағаш (96 км)
  • Талдықорған – Өскемен (768 км)
  • Атырау – Астрахань (277 км)
  • Мерке – Шу (78 км)

ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ

Жолақы құнын көтеру жоспарланбайды. Жалпы, ақылы жолдардан түсетін кіріс 100 миллиард теңгеге бағалануда.

ЖЕҢІЛДІКТЕР ЖӘНЕ МЕРЗІМ

Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін төлем мерзімі 7 күннен 30 күнге ұзартылды. Жол бойындағы елді мекен тұрғындарына жеңілдіктер сақталған:

  • Жеңіл көлік иелері жылдық абонементті 4 325 теңгеге ала алады.
  • Жүк көліктеріне айлық абонемент 8 650 – 43 250 теңге аралығында, ал жылдық абонемент 86 500 – 432 500 теңге көлемінде белгіленген.

Серіктес жаңалықтары