×
509.94
593.88
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.94
593.88
6.43

Ирандағы наразылық: бұл көтеріліс бұрынғыдан өзгерек

Бүгін, 22:10
Ирандағы наразылық: бұл көтеріліс бұрынғыдан өзгерек
Ашық дереккөзден

Иранда соңғы үш жылдағы ең ірі антиүкіметтік толқулар басталып, Ислам Республикасының 47 жылдық тарихында болмаған деңгейге жетті. Бұл наразылықтар билікті шайқалта ала ма, әзірге белгісіз, бірақ олардың бұрынғыдан өзгеше екені анық, деп хабарлайды Ulysmedia.kz BBC-ге сілтеме жасап. 

КӨШБАСШЫ ПАЙДА БОЛДЫ

Алғаш рет наразылық қозғалысына символдық болса да жетекші шықты — ол 1979 жылы тақтан тайдырылған соңғы шахтың ұлы Реза Пехлеви. АҚШ президенті Дональд Трамп жағдайды жіті бақылап, бірнеше рет араласу қаупін ескертті. Бұған қоса, Иранның аймақтық держава ретіндегі беделі Израильмен соғыстан және АҚШ-тың бомбалауынан кейін әлсіреген.

НАРАЗЫЛЫҚТАРДЫҢ  БАСТАЛУЫ

Толқулар 28 желтоқсанда Тегеранда басталып, тез арада басқа қалаларға тарады. Негізгі себеп — бағаның күрт өсуі және ұлттық валюта риалдың АҚШ долларына қатысты құнсыздануы. Бір жыл ішінде доллар шамамен 80% қымбаттады.

ЭКОНОМИКАДАН САЯСАТҚА

Алғашқы экономикалық ұрандар көп ұзамай саяси талаптарға ұласты: Ислам Республикасын жою және монархияны қайтару туралы үндеулер айтылды.

АҚПАРАТТЫҢ ЖЕТІСПЕУІ

Нақты қанша адамның көшеге шыққаны белгісіз. Халықаралық БАҚ елде жұмыс істей алмайды, ал билік интернетті өшіріп тастаған. Дегенмен куәгерлер мен сарапшылардың айтуынша, бұл наразылықтар көлемі жағынан бұрынғылардан асып түсті.

ТАРИХИ САЛЫСТЫРУ

2009 жылғы «Жасыл қозғалыс» негізінен орта таптың бастамасы болса, 2017 және 2019 жылдардағы толқулар кедей аудандармен шектелді. 2022 жылы Махса Аминидің қазасынан кейінгі наразылық ең ауқымдысы болды, бірақ лидерсіз қозғалыс тез басылды. Қазіргі толқулардың ерекшелігі — Пехлевидің символдық жетекші рөлі.

ПЕХЛЕВИДІҢ ӘСЕРІ

АҚШ-тағы эмиграцияда жүрген Реза Пехлеви өзін шах деп жариялап, ирандықтарды көшеге шығуға шақырды. Оның есімі шерулерде ұранға айналды. Бұл халыққа билікке балама бар деген сенім берді.

АҚШ ФАКТОРЫ

Бұрынғыдан өзгеше тағы бір жайт — АҚШ-тың ашық қолдауы. Дональд Трамп наразыларға көмектесу үшін билік күштерін соққыға жықпақ екенін ескертті. Мұндай қадам бұрын болмаған.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС

Сарапшылардың айтуынша, халық билікке сенімін жоғалтты. Соңғы сегіз жылда халықтың тұрмысы жүйелі түрде нашарлап, экономикалық тұрақтылық қамтамасыз етілмеді. Наразылар «Диктаторға өлім!» деп айқайлап, аятолла Али Хаменеи мен оның режимінің кетуін талап етуде.

БОЛАШАҚ ҚАУІП

Қазіргі толқулар басылса да, жаңа наразылықтар қайта өршуі мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, ел халқының шамамен 80%-ы билікті ашық түрде жек көреді. Бұл Ислам Республикасының жүйелік дағдарысын көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары