×
509.84
595.75
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.84
595.75
6.47

Армения Соловьёвтың арандатуынан кейін Ресей елшісіне қарсылық нотасын табыстады

Бүгін, 09:35
Армения Соловьёвтың арандатуынан кейін Ресей елшісіне қарсылық нотасын табыстады

Армения сыртқы істер министрлігі елдегі Ресей елшісін шақырып, қарсылық нотасын табыстады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Армения СІМ Ресей елшісі Сергей Копыркинді шақырып, қарсылық нотасын табыстады. Арменияның бұндай қадамға баруында ресейлік пропагандист Владимир Соловьевтың «Вечер с Владимиром Соловьевым» атты авторлық бағдарламасында Арменияда «арнайы әскери операция» жасау туралы айтқаны себеп болған.

Пропагандист Армениямен қатар, Орталық Азия мен Қазақстанда да Украинадағыдай арнайы әскери операция бастауға болады деген.

Контекст

Соловьёв АҚШ-тың Венесуэладағы әрекеттерін мысалға келтіріп, Вашингтонның «Николас Мадуроны күшпен ұстау операциясы кезінде халықаралық құқықты елемегенін» айтқан. Оның пікірінше, Ресей үшін Армения мен Орталық Азия елдерінен «айырылу» Венесуэладан «айырылудан» әлдеқайда ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

«Халықаралық құқыққа да, халықаралық тәртіпке де мән бермеуге болады. Егер ұлттық қауіпсіздігіміз үшін Украинада арнайы әскери операция бастау қажет болды деп есептесек, онда сол уәждермен ықпал етуаймағымыздың өзге нүктелерінде де арнайы әскери операция бастауға неге болмайды?» — деді тележүргізуші.

Соловьёв бұған дейін де Ресейге көршілес немесе ТМД құрамындағы елдерге, соның ішінде Арменияға қатысты қоқан-лоқы сипатындағы мәлімдемелер жасап келген. 2024 жылғы наурызда Арменияда оның авторлық бағдарламалары «тұрақты түрде тіркелген заңбұзушылықтарға» байланысты «РТР-Планета» телеарнасының мультиплексінен алынып тасталған.

Ал 2025 жылғы желтоқсанда Мәскеу соты жеті адамды террористік ұйымға қатысу, әскери комиссариаттар мен Z таңбасы бар көліктерді өртеу, сондай-ақ Соловьёвке қастандық жасауға дайындалу айыптары бойынша 12 жыл түрме жазасынан өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаға кесті. Тергеу деректеріне сәйкес, топ мүшелері насихатшының көлігінің кузовына жарылғыш зат орнатып, оны іске қосуды жоспарлаған.

 

Серіктес жаңалықтары