×
509.84
595.75
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.84
595.75
6.47

Украинаның литийі америкалықтардың қолына өтті

Бүгін, 10:35
Украинаның литийі америкалықтардың қолына өтті
Getty Images

Украина Кировоград облысындағы «Добрая» литий кен орнын игеру құқығын АҚШ-пен байланысы бар инвесторларды біріктіретін Dobra Lithium Holdings компаниясына тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Конкурс нәтижесін Украина премьер-министрі Юлия Свириденко жариялады. Оның айтуынша, жоба аясында кемінде 179 млн доллар инвестиция тарту көзделіп отыр. Соның 12 млн доллары қосымша геологиялық барлау мен қорларды халықаралық аудиттен өткізуге, ал 167 млн доллары өнеркәсіптік қорлар расталған жағдайда кен өндіру мен байыту өндірісін жолға қоюға бағытталмақ.

Свириденко америкалық инвесторлардың қатысуы Украинаға деген халықаралық қызығушылықты күшейтіп, қауіпсіздік кепілдіктерін нығайта түсетінін атап өтті. Сондай-ақ бұл жоба елді жоғары технологиялы жаһандық литий саласына кіріктіруге мүмкіндік ашатынын айтты. Lithium Holdings акционерлері қатарында стратегиялық маңызды пайдалы қазбалармен жұмыс тәжірибесі бар Techmet пен The Rock Holdings компаниялары бар.

ТРАМПТЫҢ ДОСЫ

The New York Times дерегінше, инвесторлар тобының ішінде миллиардер Рональд С. Лаудер де бар — ол косметика империясының мұрагері әрі АҚШ президенті Дональд Трамптың көптен бергі танысы.

УКРАИНАДАҒЫ ЛИТИЙ

DW мәліметінше, Украина аумағында литий кені бар төрт ірі кен орны бар. Соның бірі — Запорожье облысындағы Крутая Балка — 2022 жылдан бері Ресей бақылауында. Қалған екеуі Кировоград облысында орналасқан — Полоховское және ең перспективалы саналатын «Добрая». Бұл кеніштерде бұған дейін литий өндірілмеген.

Серіктес жаңалықтары