Қазақстан Иранмен ынтымақтастыққа қатысты Трамптың ескертуіне жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі халықаралық сауда-экономикалық күн тәртібі мен жағдайдың даму үрдісін, оның ішінде АҚШ-тың Иранмен сауда байланысы бар елдерге қатысты жариялаған мәлімдемелерін мұқият қадағалап отыр.
Қазіргі уақытта ықтимал шаралардың қолдану параметрлері әлі нақты белгісіз, осыған байланысты Министрлік әртүрлі даму сценарийлерін бағалауда.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы өзіне алған халықаралық сауда-экономикалық міндеттемелерін тұрақты түрде орындап келеді және сыртқы экономикалық саясатта салмақты әрі прагматикалық ұстанымды басшылыққа алады.
КОНТЕКСТ
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен бизнес жүргізетін елдердің барлығына қатысты кез келген іскерлік операцияға 25 пайыздық тариф енгізілетінін мәлімдеді.