×
509.84
595.75
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.84
595.75
6.47

Иранда қаза тапқандар саны 2 мыңға жуықтады

Бүгін, 19:40
Иранда қаза тапқандар саны 2 мыңға жуықтады
Ulysmedia коллажы

Ирандық шенеунік халықаралық Reuters агенттігіне берген сұхбатында, қаза тапқандардың арасында әрі наразылыққа шыққандар, әрі қауіпсіздік қызметкерлері бар екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның сөзінше, олардың өліміне «террористер» деп атаған адамдар жауапты. Аты-жөнін жария еткісі келмеген шенеунік нақты сандық бөлініс пен егжей-тегжейлі ақпаратты ұсынбады.

Бұл – билік алғаш рет ел бойынша екі аптаға созылған жаппай тәртіпсіздіктерді басу кезінде осыншама жоғары адам шығынын ресми түрде мойындауы.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, 11 қаңтар күні құқық қорғаушылар Ирандағы жаппай наразылықтар кезінде қаза тапқандардың саны 500 адамнан асқанын мәлімдеген болатын. Бұл хабар ел ішіндегі жағдайдың күрт шиеленісуі мен Тегеранның Америка Құрама Штаттарына бағытталған қатаң мәлімдемелері аясында жарияланды.

Екі аптадан астам уақыт өтсе де Ирандағы халықтық толқу басылар емес. Ресми Тегеран ел бойынша интернетті өшірсе де, наразылық акциясының видеолары желіге тарап кетті. Кейбір құқық қорғау ұйымдары жаппай митинг кезінде жүздеген адам қаза тауып, мыңнан астамы қамауға алынғанын айтып жатыр. Ирандағы наразылық неден басталды? Оның себебі мен салдары қандай болмақ?  Тегеранда төңкеріс болуы мүмкін бе? Ирандағы жағдайға АҚШ араласа ма? Ulysmedia осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрді. 

Серіктес жаңалықтары