×
509.84
595.75
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.84
595.75
6.47

Трамп ирандықтарды мемлекеттік мекемелерді басып алуға шақырды

Бүгін, 23:10
Трамп ирандықтарды мемлекеттік мекемелерді басып алуға шақырды
Ашық дереккөзден

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Ирандағы наразылыққа шыққан азаматтарға арнап әлеуметтік желі Truth Social арқылы үндеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол оларды мемлекеттік мекемелерді басып алуға шақырып, «қылмыскерлер мен зорлықшылардың аттарын есте сақтаңдар» деп мәлімдеді. Сонымен қатар «көмек жолда келе жатыр» деген сөзін қосты.

АҚШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Ирандық патриоттар, наразылықты жалғастырыңдар – мемлекеттік мекемелерді басып алыңдар!!! Қылмыскерлер мен зорлықшылардың аттарын есте сақтаңдар. Олар үлкен жауап береді. Мен ресми ирандық билік өкілдерімен барлық кездесулерді тоқтаттым, өйткені наразыларды мағынасыз қыру тоқтағанша ешқандай келіссөз болмайды. Көмек жолда келе жатыр» – деп жазды.

MIGA ҰРАНЫ

Президент өз үндеуін MIGA аббревиатурасымен аяқтады. Бұл қысқартудың толық нұсқасы – Make Iran Great Again («Иранды қайтадан ұлы ел ету»).

Ирандық шенеунік халықаралық Reuters агенттігіне берген сұхбатында, қаза тапқандардың арасында әрі наразылыққа шыққандар, әрі қауіпсіздік қызметкерлері бар екенін айтты

Оның сөзінше, олардың өліміне «террористер» деп атаған адамдар жауапты. Аты-жөнін жария еткісі келмеген шенеунік нақты сандық бөлініс пен егжей-тегжейлі ақпаратты ұсынбады.

Серіктес жаңалықтары