×
509.75
594.67
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.75
594.67
6.46

Қазақ мұнайын тасымалдайтын танкерлерге шабуыл: тың деректер белгілі болды

Бүгін, 10:12
Қазақ мұнайын тасымалдайтын танкерлерге шабуыл: тың деректер белгілі болды
pixabay.com

Reuters агенттігі Теңіз бен Қарашығанақ кен орындарынан Қазақстан мұнайын тиеу үшін КҚК-ның теңіз терминалына бет алған танкерлерге жасалған дрондар шабуылы жөніндегі ақпаратты нақтылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Екі кеме зақымданған

Бұған дейін агенттік дрон соққысынан төрт танкер (олардың барлығына грек компаниялары қызмет көрсетеді) зардап шеккенін жазған еді. Нақтыланған мәліметке сәйкес, тек екі кеме — Delta Harmony мен Matilda зақымданған. Алғашқысы Chevron компаниясы жалға алған танкер болса, екіншісі — «ҚазМұнайГаздың» еншілес ұйымы «Қазмортрансфлотқа» тиесілі. Бұған дейін ҚМГ Matilda танкеріне КҚК терминалынан 30 шақырым қашықтықта бірден екі дрон шабуыл жасағанын растады. Кеме аздаған зақым келген. Delta Tankers компаниясы Delta Harmony кемесіне жасалған соққы салдарынан бортта өрт шыққанын, бірақ оның тез сөндірілгенін растады. Экипаж зардап шеккен жоқ, теңізге мұнай төгілген жоқ. Компанияның тағы бір танкері — Delta Supreme — шабуылға ұшырамаған.

— Delta Tankers компаниясы басқаруындағы екінші кеме Delta Supreme зақымданбағанын мәлімдеп, бұған дейін дереккөздер таратқан оның да бүлінгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, — деп нақтылайды Reuters.

Алдын ала шабуыл жасалды делінген тағы бір танкер де аман қалған.

— Бастапқыда гректің TMS компаниясы бақылайтын Freud атты төртінші кеме де зақымданды деп хабарланған еді. Алайда TMS оған соққы жасалғанын теріске шығарды, — деп жазады Reuters.

КҚК маңындағы жағдай

Дрондар төрт емес, екі танкерге ғана шабуыл жасаған күннің өзінде, оның салдары сезіле бастады. Сейсенбі күні оқиға туралы хабар тараған соң Қара теңізде қатынайтын кемелерді сақтандыру құны бірден шамамен екі есе қымбаттады. КҚК терминалы маңындағы танкерлерге жасалған соққылар «Каспий құбыр консорциумы» төңірегіндегі жағдайды одан әрі қиындатып отыр: қазір ол жерде тек бір ғана сыртқы айлақ құрылғысы жұмыс істеп тұр. Қазақстан мұнайын толық көлемде экспорттау үшін кемінде екі сыртқы айлақты құрылғы (ВПУ) қажет. Қазақстанның Энергетика министрлігі экспорт көлемінің қысқарғанын растады, алайда нақты сандарды жарияламады.

Серіктес жаңалықтары