×
509.75
594.67
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.75
594.67
6.46

Билік Chevron-мен келіссөз жүргізуі керек - Сарым КҚК шабуылы туралы

Бүгін, 13:08
Билік Chevron-мен келіссөз жүргізуі керек - Сарым КҚК шабуылы туралы
Ulysmedia.kz коллажы

Депутат Айдос Сарым Каспий құбыры консорциумына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сарым қазіргі уақытта дипломатия белсенді жұмыс істеуі керегін айтты. 

- Мысалы сол консорциумның акционерлерінің бірі алпауыт компания Chevron. Бүгінгі таңда Украина қанша жерден тәуелсіз ел болса да АҚШ пен Еуропаға тәуелді. Қаржылық, қарулық көмекке зәру. Осыны ескеріп, Chevron өте белсенді компания, оның лоббистік мүмкіндіктері жоғары. Конгресс пен сенаттың демеушісі. Осыларды ескеріп, Chevron-ның мүмкіндігін пайдалану керек. Сіздер өз үкіметтеріңізге айтып, Украинаға біздің консорциумның мекемелеріне мүлкіне шабуыл жасамасын деп айту керек, – дейді Сарым. 

Депутат Қазақстан билігі Chevron-мен келіссөз жүргізуі керек деп есептейді. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалына жасалған шабуылдардан кейін Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне төнген қатерге назар аударып, уәкілетті органдарға депутаттық сауал жолдаған болатын. 

Артынша Каспий құбырының жарылуы туралы жағымсыз пікір айтқандар тергеуге ілінді

Серіктес жаңалықтары