×
509.75
594.67
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.75
594.67
6.46

Пәтер арзандай ма? 2026 жылға болжам жасалды

Бүгін, 16:23
Пәтер арзандай ма? 2026 жылға болжам жасалды
Ulysmedia.kz коллажы

Сарапшылар 2026 жылы Қазақстандағы тұрғын үй нарығында баға өсуі жалғасады, бірақ ол 2025 жылмен салыстырғанда біршама баяу болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Halyk Finance талдау орталығының жылжымайтын мүлік нарығына арналған соңғы шолуына сәйкес, 2025 жылы тұрғын үй бағасы барлық сегментте инфляциядан жоғары өскен. Бастапқы нарықта пәтерлердің құны 15,7 пайызға қымбаттады — ең жоғары өсім Қонаев пен Павлодар қалаларында тіркелді. Ал ең аз өсім Петропавл, Семей және Қарағанды қалаларында байқалды. Қазан айынан бері жаңа үйлердегі пәтер бағасы инфляциядан озып өсіп келеді. Сарапшылар мұны үлестік құрылысқа қатысты жаңа ережелермен және тұрғын үй жағдайын жақсартуға БЖЗҚ-дан төленетін қаражаттың 2025 жылдың 11 айында 83 пайызға ұлғаюымен байланыстырады.

Бұған қоса, 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі де әсер етіп, жаңа үйлердегі пәтерлер жаңа жылға дейін-ақ қымбаттай бастады. Қайталама нарықта да ұқсас жағдай: ондағы бағалар бір жылда 14,6 пайызға өсті. Алматыда екінші нарықтағы пәтерлердің құны бірден 25,4 пайызға қымбаттаған. Ел бойынша жалға алу бағасы да бір жылда орта есеппен 13,1 пайызға өсті (ең көп өсім Павлодар, Петропавл және Ақтөбе қалаларында тіркелді). Жыл соңына қарай Қазақстанда пәтер сату күрт артты: желтоқсанда мәмілелер саны қарашамен салыстырғанда 31,9 пайызға көбейді. Болжам бойынша, қазақстандықтар ҚҚС көтерілгенге дейін үлгеріп, үй алуға асыққан. Ал жылдық өсім әлдеқайда төмен болды — 6,2 пайыз.

2026 ЖЫЛЫ НЕ БОЛАДЫ

Сарапшылар 2026 жылы нарық қалыпты өсім кезеңіне өтеді деп болжайды. Желтоқсандағы «серпілістен» кейін жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер азайып, бұл бағаның өсуін тежеуі мүмкін.

— Ең айқын өзгерістер бастапқы нарықта байқалады. Салықтағы өзгерістер мен ипотекалық несиелеу талаптарының қатаңдауы нарықтағы белсенділікті біршама тежейді, — дейді Halyk Finance сарапшысы Арслан Аронов.

Сондай-ақ 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Құрылыс кодексі де өз әсерін тигізбек. Ол құрылыс компанияларына қойылатын талаптарды күшейтіп, саланы бақылауды қатаңдатады. Бұл құрылыс құнының қымбаттауына әкелуі мүмкін, ал шағын компаниялар нарықтан кетуі ықтимал. Дегенмен ұзақ мерзімді перспективада жаңа кодекс қазақстандықтардың құқықтарын жақсырақ қорғауға және тұрғын үй құрылысының сапасын арттыруға сеп болады.

Серіктес жаңалықтары