×
509.75
594.67
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.75
594.67
6.46

Қарулы шабуыл: Астанада арнайы жасақ қызметкері жараланды

Бүгін, 21:40
Қарулы шабуыл: Астанада арнайы жасақ қызметкері жараланды
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Астанада болған қарулы оқиға туралы ақпарат тарады. Оқиға барысында Ішкі істер министрлігінің арнайы «Сұңқар» бөлімшесінің қызметкері жарақат алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлеуметтік желілерде жарияланған деректерге сәйкес, «Сұңқар» қызметкері көлік жүргізіп келе жатқанда жолға қарулы ер адам шыққан. Қылмыскер арнайы жасақ өкілін атқан, оқ оның жауырын мен мойын тұсына тиген. Кейін ол қызметкерді қаруымен ұрып жіберген. Қорғану мақсатында жараланған қызметкер көлігімен шабуылдаушыға соққан деген ақпарат бар.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, елорда тұрғыны аңшылық мылтықтан жолдан өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісіне оқ атқаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

«Оқиға туралы зардап шеккен адам “102” арнасы арқылы хабарлаған. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетті. Жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы күдікті ұсталды», – деп хабарлады елордалық полиция департаменті.

ЖАРАЛАНҒАН ҚЫЗМЕТКЕР ТУРАЛЫ

Полиция өкілдері жараланған адамның құқық қорғау органдарының қызметкері екенін растады. Оқиға кезінде ол еңбек демалысында жүрген.

БҰҒАН ДЕЙІН

Тағы бір сарбаздың қазасы ақпарат кеңістігін дүр сілкіндірді. Айдың-күннің аманында, оқ атылмайтын бейбіт елде тағы бір сарбаз көз жұмды. Сонда еліміздің қарулы күштері іріп-шірігені ме? Запастағы полковник, Оңтүстік әскери округі әскерлері қолбасшысының бұрынғы орынбасары Манас Магулов Қазақстан әскері кедейшілік шегінде деп санайды. Оның айтуынша, казармаларда, полигондар мен әуежайларда болып жатқан төтенше жағдайлардың себебі – шенеуніктердің жауапсыздығы мен қабылданып жатқан заңдар. Кадр жайын жетік білетін маман өз көзқарасын Ulysmedia.kz-ке айтып берді.

Серіктес жаңалықтары