×
510.43
594.86
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.43
594.86
6.49

Ресейдегі зауытта екі қазақстандық өлі табылды

Бүгін, 09:12
Ресейдегі зауытта екі қазақстандық өлі табылды
Фото: Ресейдің тергеу комитетінен

Ресейдегі металлургия комбинатында екі қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Оқиға Ресейдің Вологда облысындағы Череповец металлургиялық комбинаты аумағында болған. Зауытта екі Қазақстан азаматының мәйіті табылды. Бұл кәсіпорын – «Северсталь» компаниясының негізгі өндірістік нысаны.

«Северсталь» компаниясының хабарлауынша, 14 қаңтар күні комбинаттың өндірістік алаңынан мердігер ұйымдарда жұмыс істеген, Қазақстан азаматтығындағы екі қызметкердің өмір белгілері жоқ күйде табылған. Қазіргі уақытта олардың өлімінің себептері анықталып жатыр, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Компания марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ресейдің Тергеу комитетінің Вологда облысы бойынша басқармасы да оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Қайғылы жағдайдың нақты себептері тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары