×
510.43
594.86
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.43
594.86
6.49

Ulysmedia тілшісін полиция ұстады: мән-жай

Бүгін, 14:39
Ulysmedia тілшісін полиция ұстады: мән-жай
Ulysmedia.kz

Ulysmedia.kz журналисі екі сағатқа жуық байланысқа шықпады, қаза тапқан жастардың аналары да ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ulysmedia.kz тілшісін Есіл аудандық полиция басқармасында бір сағаттан астам уақыт ұстаған. Оның айтуынша, телефонды қолынан жұлып алып, қайтарудан бас тартқан, бейнежазба түсіруге тыйым салып, түсініктеме жазуға мәжбүрлеген. Сонымен қатар, телефондағы барлық фото мен видеоны өшіріп тастаған. Кейін журналист босатылған.

Қазіргі уақытта полиция қаза тапқан жастар — Саны Мерлан, Адель Ақанова және Ақнәр Гүлстанның аналарының да ұсталғаны хабарланды.

Адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, әйелдер президент атына ұжымдық арыз тапсыруға бара жатқан. Олар балаларын жоғалтуға байланысты қозғалған қылмыстық істердің әділ әрі тәуелсіз тергелуін талап етпек болған. Алайда ғимаратқа кіріп үлгермей, өтініш қабылданбаған. Аналарды белгісіз бағытқа алып кеткен, қазіргі уақытта олар әлі босатылмаған.

Редакция полицияға хабарласуға тырысқанымен, қоңыраулар мен хабарламаларға жауап келмеді.

Серіктес жаңалықтары