×
510.43
594.86
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.43
594.86
6.49

Арсенал-Қайрат: билет бағасы қанша, қашан, қай уақытта

Бүгін, 22:10
Арсенал-Қайрат: билет бағасы қанша, қашан, қай уақытта
Әлеуметтік желіден

Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының соңғы турындағы ойынға билеттер сатылымын ашқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОҢҒЫ ТУРДА «АРСЕНАЛҒА» ҚАРСЫ ОЙЫН

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы турда алматылық «Қайрат» топ көшбасшысы — Лондонның «Арсенал» клубымен кездеседі. Ойын Англия астанасындағы «Эмирейтс» стадионында өтеді. Қонақтағы матчқа билет бағасы — 36 мың теңге. Кездесу 28 қаңтар күні сағат 20:00-де (Астана уақытымен 01:00-де) басталады.

«ҚАРАБАХ» — «ЛИВЕРПУЛЬ» ҚАРСЫЛЫҒЫ

Осы турда тағы бір маңызды матч өтеді: Әзербайжанның «Қарабах» клубы Ливерпуль қаласында жергілікті «Ливерпульге» қарсы ойнайды. «Энфилд» стадионындағы ойынға билет құны — 115 әзербайжан манаты, шамамен 34,5 мың теңге.

«ҚАЙРАТ» — «БРЮГГЕ» ОЙЫНЫ АСТАНАДА

Айта кетейік, 20 қаңтарда «Қайрат» өз алаңында — «Астана Арена» стадионында Чемпиондар лигасының 7-тур ойынын өткізеді. Қарсылас — Бельгияның «Брюгге» клубы. Бұл матчқа билеттердің бағасы 15 мың теңгеден бастап 50 мың теңгеге дейін.

Серіктес жаңалықтары