×
510.95
594.49
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.95
594.49
6.5

Иранда 800-ден астам азаматты дарға асу жазасы шыққан - ирантанушы

Бүгін, 09:41
Иранда 800-ден астам азаматты дарға асу жазасы шыққан - ирантанушы
newsland.com

Иран билігі наразылық акциялары кезінде ұсталып, қамауға алынған 800-ден астам азаматқа қатысты дарға асу жазасын шығарған. Алайда бұл үкімдер АҚШ президенті Дональд Трамп тарапынан жасалған қысымнан кейін уақытша кейінге қалдырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ирантанушы Жәнібек Көпжасар жазды. Сарапшының мәліметінше, елде интернет байланысы әлі де толық қалпына келтірілмеген. Ұялы байланыс ішінара іске қосылғанымен, шетелден қоңырау шалу мүмкін емес.

Сонымен қатар, Иран аумағында күштік құрылымдар жаппай тінту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әр үй тексеріліп, спутниктік құрылғылар мен Starlink жүйелері тәркіленуде.

Жәнібек Көпжасардың мәліметінше, ел ішіндегі ахуал халық үшін аса ауыр әрі үрейлі күйде қалып отыр. Онымен байланысқа шыққан ирандықтар қысқа ғана «аманмын, бәрі жақсы» деп жауап беріп, артық сұрақ қоюды сұрамай, телефон тұтқасын қоя салған. Сарапшы олардың дауысынан қорқыныш пен үрей анық сезілетінін атап өтеді.

САРАПТАМА

Ирандағы наразылық неден басталды? Оның себебі мен салдары қандай болмақ?  Тегеранда төңкеріс болуы мүмкін бе? Ирандағы жағдайға АҚШ араласа ма? Ulysmedia осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрген еді

ИРАНДАҒЫ НАРАЗЫЛЫҚТАР

Ирандағы антиүкіметтік наразылықтар 2025 жылдың 28 желтоқсанынан бері жалғасып келеді. Алғашында халық ұлттық валютаның құнсыздануы мен қаржылық дағдарысқа қарсы шыққан еді. Кейіннен экономикалық талаптар саяси сипатқа ауысты.

Серіктес жаңалықтары