×
510.95
594.49
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.95
594.49
6.5

Қазақстанның тұңғыш мүфтиі өмірден өтті

Бүгін, 10:09
Қазақстанның тұңғыш мүфтиі өмірден өтті
Фото: ҚМДБ

Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақпаратты ҚМДБ өкілдері растады. 

Рәтбек қажы Нысанбайұлы мүфти болған жылдары мұсылман мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықты арттыра түскен. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іргетасын қалаған Рәтбек Нысанбайұлы өзі басқарған мерзім ішінде 30-дан астам мешіт салдыруға ықпал еткен. 

- Халықтың діни сауат ашуына ден қойды. Рәтбек қажы ақсақалдың мүфтилік кезеңі «алғашқы сауат ашу кезеңі» деп аталды. Өйткені, осы кезеңде халықтың діни сауатын ашу маңызды істің бірі болды. Ұстазымыз бойында бар күш-қайратын шәкірт тәрбиелеуге арнады. Өзінен кейінгі шәкірттеріне әрқашан ағалық кеңесін айтып, жанашырлық танытты, – дейді ҚМДБ өкілдері. 

Серіктес жаңалықтары