×
510.95
594.49
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.95
594.49
6.5

Депутат Жаңбыршин ЛГБТ туралы пікірі үшін сотқа тартылды

Бүгін, 11:00
Депутат Жаңбыршин ЛГБТ туралы пікірі үшін сотқа тартылды
parlam.kz

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қазақстандық Виталий Шевченконың Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршинге қарсы азаматтық талап-арызын қарап жатыр. Дауға Facebook әлеуметтік желісінде «ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы» заңды талқылау кезінде туындаған ашық жанжал себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желідегі жанжал

Істі елорданың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қарап жатыр. Сот материалдарына сәйкес, сөз таласы жаңа заңға қатысты жарияланымдардың астындағы пікірлерде өрбіген. Шевченко депутаттың ұстанымын сынға алып, өзі бастан өткерген кемсітушілік пен мектептегі буллинг туралы жазған. Ал жауап ретінде, талапкердің айтуынша, Жаңбыршин кемсітетін әрі қорлайтын сөздер қолданған.

Талап-арызға негіз болған дәйексөз

Атап айтқанда, депутат былай деп жазған:

— Мұнда қоразданудың қажеті жоқ. Қалай өмір сүргің келсе, солай өмір сүр, бірақ оны насихаттап, қоғамға тықпалаудың керегі жоқ. Тыныш әрі бейбіт өмір сүріңдер, ешкім тиіспейді. Ал адамзаттың мына масқарасын жұрттың алдына шығарып көрсетудің қажеті жоқ.

Шевченконың пайымдауынша, бұл сөздер саяси емес, жеке сипатқа ие, оның адамдық қадір-қасиетін қорлайды әрі кемсітушілікті ақтаумен тең.

Ешкім татуласпады

Виталий Шевченко талап-арызында депутаттың айтқан сөздерін ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, қорлайтын деп тануды және Еділ Жаңбыршинды әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттеуді сұрайды. Сот тараптарды татуластыруға талпыныс жасағанымен, ол нәтиже бермеді. Енді сот саясаткердің жария пікір білдіру еркіндігі мен жеке қорлау арасындағы шектің қай жерде өтетінін айқындауы тиіс.

«ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу» туралы заң

30 желтоқсанда президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Құжатта «ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу» нормасы бар, бұл Қазақстанда мұндай ақпараттың таралуын ресми түрде шектеді. Бұған дейін бірқатар еуропалық дипломаттар аталған норманың қабылдануын ашық сынға алған болатын.

Еділ Жаңбыршин бұған дейін де өткір мәлімдемелерімен дау ортасында қалған. 2022 жылы туған өңірі Ақтауда өткен наразылық кезінде ол:

— Мұнда көп адам бос сөйлеп жүр, бірақ ешқайсысы халықтың қаны үшін жауап бермейді. Мұнда ешқандай әйел сөйлеп тұрған жоқ. Қазақта ер адам бар жерде әйел сөйлемейді, — деген еді.

Бұл сөздер әлеуметтік желілерде наразылық тудырып, пайдаланушылар депутатты жыныстық белгісі бойынша кемсітті деп айыптаған. Алайда ол өз сөзінен бас тартпады. Кейін Azattyq-қа берген сұқбатында Жаңбыршин мәлімдемелерін адам құқықтарын бұзу деп санамайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары