Латвияның Мемлекеттік шекара қызметі Қазақстан азаматтарының әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Латвияның Мемлекеттік шекара қызметі көлік құралдары мен кемелерді пайдалану саласындағы бұзушылықтар үшін 19 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан немесе оларға шекарадан өтуге тыйым салған. Олардың қатарында: Қазақстанның екі азаматы, Беларусьтің жеті, Ресейдің үш, Молдованың үш азаматы және Латвия, Эстония, Грекия мен Сербиядан бір-бір адам бар.
Латвиядан шығып бара жатқан Ресей азаматы Патерниеки шекара пунктінде шекарашыларға көлік құралының жалған норвегиялық тіркеу куәлігін көрсеткен. Бұл дерек бойынша аталған тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ал Терехова шекара пунктінде Ресей мен Германия азаматтарына қауіпсіздік себептерімен Латвияға кіруге рұқсат берілмеді. Аталған тұлғалар өз шыққан елдеріне кері қайтарылды.