×
510.95
594.49
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.95
594.49
6.5

КҚК-дегі кедергілерге байланысты Қазақстан мұнай жеткізу бағыттарын өзгертіп жатыр

Бүгін, 15:14
КҚК-дегі кедергілерге байланысты Қазақстан мұнай жеткізу бағыттарын өзгертіп жатыр
Ulysmedia.kz коллажы

ҚазМұнайГаз 2025 жылы желтоқсанда Каспий Құбыр Консорциумының шектеулері кезінде шамамен 300 мың тонна мұнайды басқа бағыттарға жөнелтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өткен жылдың соңында Каспий Құбыр Консорциумы бойынша мұнай тасымалдаудың шектелуіне байланысты Қазақстан мұнайын «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) жүйесі арқылы басқа экспорттық бағыттарға жөнелту бойынша жедел жұмыс жүргізілді. 

Шамамен 300 мың тонна мұнай көлемі ҚТО жүйесі бойынша экспорттық бағдарлар, соның ішінде Германия, Қытай, Баку-Тбилиси-Жейхан, Новороссийск және Усть-Луга порттары арқылы жеткізу үшін қайта бағытталды. 2026 жылғы қаңтарда Каспий Құбыр Консорциумы тарапынан мұнай қабылдауда сақталып отырған шектеулерді ескере отырып, мұнайды қайта бағыттау жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады.

Қазақстан мұнайын тасымалдаудың қосымша бағыттары бойынша жұмыс жалғасуда:

  • 2025 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстан мұнайын Германияға (Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына) жеткізу бойынша өсу динамикасы байқалады. Тасымалдау көлемі 2,1 млн тоннаны құрады. 2026 жылы 2,5 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде.
  • Ақтау портынан Баку-Тбилиси-Жейхан бағдары бойынша қазақстандық мұнайдың 1,3 млн тоннасы тасымалданды. 2026 жылдың болжамды көлемі — 1,6 млн тоннаға дейін.

Сонымен қатар Қазақстан мұнайы экспорттық бағытқа — Қытай Халық Республикасына тұрақты тасымалданып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-ға 1,1 млн тонна мұнай экспортталды.

Серіктес жаңалықтары