×
510.95
594.49
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.95
594.49
6.5

Ресейлік әйел Павлодарда бүйрегін сатпақ болған

Бүгін, 16:01
Ресейлік әйел Павлодарда бүйрегін сатпақ болған
Depositphotos

Павлодарда сот адам ағзасын сатуға оқталған Ресей азаматына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сотта 2024 жылы Ресей Федерациясының азаматы Telegram мессенджері арқылы өз бүйрегін 50 мың АҚШ долларына сату жөнінде келісімге келгені анықталды. Келісім бойынша трансплантация операциясы Павлодар аумағында жасалуы тиіс болған.

МӘМІЛЕ

2025 жылы айыпталушы Қазақстанға келіп, медициналық тексеруден өткен және 5 млн теңге көлемінде алдын ала төлем алған. Осыдан кейін ол полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды.

ҮКІМ

Кінәсін толық мойындауын, шын өкінуін, сондай-ақ асырауында кәмелетке толмаған балаларының барын ескере отырып, сот оған 10 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қамауда болған уақыты есепке алынып, жаза өтелген деп танылды, сотталған әйел бостандыққа шығарылды.

Серіктес жаңалықтары