Қазіргі уақытта аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
tobolinfo.kz-нің мәліметінше, Қостанай облысының тұрғыны туған қызына 8 жасынан бастап азғындық жолға түсіру әрекетін жасап, 12 жасында зорлаған.
«Ер адам туған қызына 12 жасына дейін азғындық жолға түсіру әрекетін жасап, одан кейін бірінші рет зорлаған. Бұл жағдай осы уақытқа дейін жалғасып келген. Бұл жағдай ешқандай тіркеуде тұрмаған, қалыпты отбасында болып жатқан», - дейді зардап шегушінің адвокаты.
Адвокаттың айтуынша, кішкентай қыз әкесі өзіне не істеп жүргенін білмеген, барлық әкелер солай істейді деп ойлаған.
«Қыздың анасы бұл туралы өткен күні ғана білген», - дейді адвокат.
Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қылмыстық іске қатысты толық мәлімет кәмелеттік жасқа толмаған қызды қорғау мақсатында жарияланбайды. Қазір қорлық көрген кішкентай қызбен психологтар жұмыс істеуде.