×
512.16
594.72
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
594.72
6.57

Испанияда екі пойыз соқтығысып, 21 адам қаза тапты

Бүгін, 08:04
Испанияда екі пойыз соқтығысып, 21 адам қаза тапты
Видео кадры

Испанияда екі жоғары жылдамдықты пойыз рельстен шығып, бір-бірімен соқтығысты. Салдарынан 21 адам қаза тауып, шамамен 100 адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл ақпаратты Испанияның ішкі істер министрлігі 19 қаңтарға қараған түні таратты. Қайғылы оқиға 18 қаңтар кешке Кордова провинциясында болған.

Апат қалай болды

Испания билігінің мәліметінше, Малага — Мадрид бағытымен жүрген Iryo компаниясының пойызы рельстен шығып, қасындағы жолға түскен. Сол жерде ол қарсы бағытта Уэльва қаласына бет алған пойызбен соқтығысқан. Оқиғаның нақты себептері әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Испаниялық БАҚ екі пойызда жалпы саны шамамен 400 жолаушы болуы мүмкін екенін нақтылайды.

Ауыр хәлдегілер көп

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендердің 30-ы ауыр жағдайда жатыр. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Reuters агенттігінің мәліметінше, құтқару қызметтері вагондарды тексеруді жалғастырып жатыр, өйткені негізгі соққы тиген бөліктерде тірі қалғандардың нақты саны әлі анықталмаған. Испания премьер-министрі Педро Санчес Кордовадағы жағдайдың дамуын жеке бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиғаға байланысты Испанияның корольдік отбасы да көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары