×
512.16
594.72
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
594.72
6.57

Алдағы күндері -38 градусқа дейін аяз болады

Бүгін, 12:14
Алдағы күндері -38 градусқа дейін аяз болады
ЖИ / ulysmedia.kz

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алдағы үш тәулік ішінде атмосфералық фронттық бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді деп болжанады. Елдің оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, 22 қаңтарда таулы аймақтарда қалың қар жауады. Республика бойынша тұман болжанады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

ТЕМПЕРАТУРА

22 қаңтарда Жаңа Жер аудандарынан ығысқан суық антициклон республиканың солтүстік жартысына әсер етіп, бұл өңірлерде ауа температурасы түнде 25–38 градус аязға дейін, күндіз 20–30 градус аязға дейін төмендейді. Ал Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 5 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, таулы аудандарда 8–13 градус аяз, ал батыс өңірлерде 5–13 градус аяз болады деп күтіледі.

Серіктес жаңалықтары