×
512.16
594.72
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
594.72
6.57

Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға несие беру тоқтатылады

Бүгін, 17:16
Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға несие беру тоқтатылады
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға несие берілмейді. Тиісті норма Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысында көзделген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҚНРДА «Ашық НҚА» порталында мерзімді әскери қызметшілерге несие беру тәртібін өзгертуге бағытталған қаулы жобасын жариялады. Құжатта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасында мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы ақпарат алмасу тетігі айқындалған.

Аталған мәліметтер қолданыстағы қарыздар бойынша төлемдерді кейінге шегеру үшін, сондай-ақ кредиттік тарихта азаматтың мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқаны немесе әскерден босатылғаны жөніндегі ақпаратты көрсету мақсатында пайдаланылатын болады.

ТЫЙЫМ

Сонымен қатар, жобаға сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары несиеге өтінім түскен жағдайда шақыру жасындағы азаматтардың мәртебесін міндетті түрде кредиттік есеп арқылы тексеруі тиіс.

Егер есепте азаматтың мерзімді әскери қызметте жүргені туралы дерек анықталса, қаржы ұйымдары несие беруден бас тартуға міндеттеледі.

Қаулы жобасы 2026 жылғы 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Серіктес жаңалықтары