×
512.16
594.72
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
594.72
6.57

Жаңа әрі тиімді дәрі-дәрмектер халыққа қолжетімсіз болып қалуы мүмкін

Бүгін, 18:02
Жаңа әрі тиімді дәрі-дәрмектер халыққа қолжетімсіз болып қалуы мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

2026 жылы әлемдік фармацевтикалық өндірушілер АҚШ-тың ықпалына байланысты Еуропада баға саясатын өзгертуді жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде әлемнің басқа елдерінде де дәрі бағасының өсуіне әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еуропа елдерінде қазір екі таңдау тұр: дәрі-дәрмек үшін көбірек төлеу немесе жаңа препараттарды ұзақ күту. Мұндай жағдайдың алғашқы мысалы Ұлыбританияда байқалды — ел билігі жаңа дәрілерге жылдам қол жеткізу үшін бағаны көтеруге келіскен.

ҚАЗАҚСТАН

Экономист Руслан Сұлтановтың айтуынша, Қазақстанның АҚШ пен Еуроодақ арасындағы келіссөздерге қатысы жоқ, алайда олардың нәтижесіне толықтай тәуелді.

Сарапшының сөзінше, сыртқы нарықтағы бағаға байланысты және дәрі бағасын реттеу мен мемлекеттік сатып алуды сол көрсеткіштерге сүйене отырып жүргізетін Қазақстан үшін бұл бюджетке қосымша қысым түсіреді.

Негізгі қауіп — жаңа бағалардың ұлттық реттеуші тарапынан бекітілмеуі мүмкіндігі. Бұл жағдайда жаңа дәрі-дәрмектердің ел нарығына шығуы баяулап, жүйе реттеушілік тұйыққа тірелуі ықтимал.

Мұндай жағдай заманауи терапияларға қолжетімділікті шектеп, Қазақстанды клиникалық зерттеулер үшін тартымсыз елге айналдыруы мүмкін.

— Егер шешім қабылдаудың нақты мерзімі, тәуекелді бөлісу тетіктері және ашық диалог болмаса, нарыққа берілетін белгі біреу: қолжетімділік екінші орында, ал баға — басты мәселе. Мұндай жүйеде инновация ең соңында келеді немесе мүлде келмеуі мүмкін. Сондықтан сыртқы қысымды ескермей бағаны қатырып қою — бұл бюджетті қорғау емес, жаңа емге қолжетімділіктен бас тарту. Оның үстіне бізде бұл тек мемлекеттік сатып алуға емес, бөлшек нарыққа — яғни дәріханаларға да қатысты. Соның салдарынан ассортимент қысқарып, кейбір дәрілер мүлде жоғалып жатыр. Мұны реттеуші деңгейде мойындамайынша, фармацевтикалық алшақтық тереңдей береді, — деді Руслан Сұлтанов «Экономикалық ликбез» Telegram-арнасында.

КОНТЕКСТ

Фармацевтика саласының өкілдері биыл Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қымбаттауы мүмкін екенін ескертуде.

Серіктес жаңалықтары