2026 жылғы 13 қаңтардағы бұйрықпен Қорғаныс министрі әскери есепке алу ережелерін толықтырды. Енді әскери есепке алу мамандығы бар әйел азаматтар автоматты түрде тіркеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Техникалық, кәсіби немесе жоғары оқу орнын аяқтаған әйелдерге ақпараттық жүйе автоматты түрде электронды есеп карточкасын жасайды. Ол мемлекеттік органдардың деректерінен жеке сәйкестендіру нөмірі, аты-жөні, туған күні мен жері, жұмыс немесе оқу орны, отбасы құрамы, жүргізуші куәлігі, денсаулық жағдайы, тұрғылықты жері және құқықтық мәртебесі туралы мәліметтерді алады. Осы деректер негізінде азаматтың әскери міндеттілігі анықталып, тұрғылықты жері бойынша аудандық әскери басқармаға тіркеледі.
ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ ҚОЮ ТӘРТІБІ
Азаматтарды әскери есепке қою автоматты түрде жүргізіледі:
Тұрақты тіркеуден шыққан азаматтар соңғы мекенжайы бойынша есепте қалады.
ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚТАН ӨТКЕНДЕРДІҢ ЕСЕБІ
Әскери-техникалық және басқа мамандықтар бойынша ақылы негізде дайындықтан өткендер арнайы тізіммен аудандық әскери басқармаларға жіберіледі. Олар:
Әскери кафедра немесе факультетте офицерлер мен сержанттар қорын дайындағандар емтихан алдында және соңында тиісті құжаттарды әскери басқармаларға жолдайды. Нәтижесінде азаматтарға әскери шен беріліп, әскери билеттер рәсімделеді.
БЕЙБІТ КЕЗДЕ ӘСКЕРИ БИЛЕТТЕРДІҢ БЕРІЛУІ
Әскери билеттер азаматтарға мына жағдайларда беріледі:
Аудандық (қалалық) қорғаныс істері басқармасы бейбіт уақытта әскери билеттерді мына азаматтарға береді: