×
512.16
594.72
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
594.72
6.57

Бала туу саны құлдырап кетті: Үкімет әр балаға ақша бермек

Бүгін, 22:40
Бала туу саны құлдырап кетті: Үкімет әр балаға ақша бермек
Ашық дереккөзден

2025 жылы Қытайда 7,92 миллион бала дүниеге келді. Бұл әрбір мың адамға шаққанда 5,63 туу көрсеткішін білдіреді. Мұндай төмен деңгей Қытай Халық Республикасының құрылғанынан бері, яғни 1949 жылдан бастап жүргізілген ресми статистикада алғаш рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өткен жылы Қытайда 11,31 миллион адам қайтыс болды. Бұл әрбір мың адамға шаққанда 8,04 өлім көрсеткішін құрайды. Нәтижесінде ел халқы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 3,39 миллионға азайып, жалпы саны 1 миллиард 404 миллион адамға жетті.

Қытайдағы халық саны қатарынан төртінші жыл төмендеп отыр. Сарапшылар мұны бірнеше себеппен байланыстырады:

  • тұрғын үйдің қымбаттығы;
  • білім мен денсаулық сақтау шығындарының жоғары болуы;
  • әйелдердің көбірек оқуға және жұмыс істеуге ұмтылуы;
  • некеге тұрудың күрт азаюы.

БИЛІКТІҢ ШАРАЛАРЫ

Қытай билігі туу көрсеткішін көтеру үшін түрлі қадамдар жасап келеді. 2015 жылы «бір отбасы – бір бала» саясаты жойылып, екі балаға рұқсат берілді. 2021 жылы үш балаға дейін рұқсат етілді. Бірақ бұл жеңілдіктер қысқа мерзімді ғана әсер етті.

2025 жылы Қытай үкіметі әрбір балаға 3 600 юань (шамамен 440 еуро) көлемінде қаржылай субсидия берілетінін жариялады.

ТАРИХИ САЛЫСТЫРУ

Қытай халқы бұған дейін 1960 және 1961 жылдары ғана азайған болатын. Ол кезде жаппай аштық пен индустрияны күштеп дамыту саясатының («үлкен секіріс») теріс салдары әсер еткен.

Соңғы рет халық санының өсуі 2021 жылы тіркелді – ол кезде елде 450 мың адамға көбейген. Ал 2023 жылы Үндістан халқының саны бойынша Қытайды басып озды.

Серіктес жаңалықтары