×
509.63
592.34
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.63
592.34
6.54

Молдова ТМД құрамынан шығу процесін бастады

Бүгін, 10:47
Молдова ТМД құрамынан шығу процесін бастады
фото: Ашық дереккөзден

Молдова  ТМД құрамынан шығу процесін бастады. Ресми Кишенев үш бірдей келісімдіденонсациялау (бір жақты бас тарту) процесін бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Молдова сыртқы істер министрі Михай Попшойдың айтуынша, бұл – достастықтан заң жүзінде шығу қадамы. Оның сөзінше, Молдованың ТМД-ға де-факто мүшелігі бұған дейін тоқтатылған.

Денонсациялау рәсімі қазірдің өзінде басталып кеткен, ал тиісті құжаттарды парламент депутаттары жаңа сессияның ең алғашқы күндерінде қарайды.

«Бәлкім, ақпан айының ортасына қарай үкімет деңгейіндегі барлық рәсімдерді аяқтаймыз, содан кейін шешімді парламент қабылдайды», – деді ол.

Молдова ТМД аясында барлығы 283 келісімге қол қойған. Оның 71-і бұған дейін денонсацияланған, тағы шамамен 60 құжатты жою рәсімі қазір жүргізіліп жатыр. Попшойдың сөзінше, Кишинев елдің еуропалық бағытына қайшы келмейтін, экономикалық пайда әкелетін немесе азаматтар үшін маңызы бар келісімдерден әзірге бас тартпайды.

Серіктес жаңалықтары