×
509.63
592.34
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.63
592.34
6.54

Президент мерзімінен бұрын кетсе сайлау екі айдың ішінде өтуі керек - Тоқаев

Бүгін, 13:18
Президент мерзімінен бұрын кетсе сайлау екі айдың ішінде өтуі керек - Тоқаев
Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысын қайта сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс барын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тоқаевтың сөзінше, қазіргі ата заң бойынша, президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай болса, оның өкілеттігі қалған мерзімге сенат төрағасына беріледі.

- Сенат төрағасының мемлекеттік басқаруға мүмкіндігі болмаса, президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді. Бұл ретте мәселенің бәрі қалған мерзімге деген сөзге тіреледі. Осыны ерекше атап өткен жөн, дейді Тоқаев. 

Президенттің сөзінше, егер мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметінен кетсе екі айдың ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтеді деген норма заңмен бекітілуі қажет. 

- Бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни заңды түрде келуі керек. Бұл мызғымас ұстаным. Осы норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де өзгермес қағида болуы керек, – дейді президент. 

Сонымен қатар, Тоқаев Конституциялық мәтінде жекелеген қателер бары анықталғанын айтты. 

Серіктес жаңалықтары