×
509.63
592.34
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.63
592.34
6.54

Трамп Макронмен хат алмасқанын желіде жариялады

Бүгін, 20:40
Трамп Макронмен хат алмасқанын желіде жариялады
Ашық дереккөзден

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Франция президенті Эммануэль Макроннан келген хабарламалардың скриншоттарын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Хабарламаларда Макрон Трамптың Гренландияға қатысты әрекеттерін түсінбейтінін жеткізген:

«Президент Макроннан президент Трампқа. Досым, біз Сирия мәселесінде бір ұстанымдамыз. Иранға қатысты да үлкен істер атқара аламыз. Бірақ сенің Гренландиядағы әрекеттеріңді түсінбеймін», – делінген хатта.

ПАРИЖДЕГІ КЕЗДЕСУ ҰСЫНЫСЫ

Франция басшысы Трампқа Парижде бірге кешкі ас ішуге ұсыныс жасаған. Сонымен қатар ол бірқатар бастамаларды да ортаға салды:

  1. Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумнан кейін, 22 қаңтар күні түстен кейін Парижде «Үлкен жетілік» (G7) кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін айтты. Бұл жиынға украин, дат, сириялық және ресейлік өкілдерді шақыруға болатынын жеткізді.
  2. Сол күні кешке, Трамп АҚШ-қа қайтар алдында, бірге кешкі ас ішуге шақырды.

Елисей сарайы бұл хабарламалардың шынайылығын растады.

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЖЕДЕЛ САММИТІ

Бұған дейін белгілі болғандай, Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 22 қаңтарда Брюссельде Гренландия мәселесіне байланысты жедел саммит өткізбек. Онда Трамптың 10 пайыздық кедендік баж енгізу қаупіне ортақ жауап талқыланады.

Серіктес жаңалықтары