×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

«Шам әкеле жатырмыз»: Ираннан 900 мың қорапқа жуық темекі заңсыз жеткізілген

26.01.2023, 11:17
фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында ірі контрабандалық темекі өнімінің жолы кесілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, «Морпорт» кеден бекетінде Иран Ислам Республикасынан Алматы қаласына бағыт алған контейнер ұсталды.

«Инспекциялық тексеру кешені (ИТК) арқылы тексерілгеннен кейін контейнер ашылды. Қызметкерлер құжаттар бойынша мәлімделген «жарықдиодты шамдардың» орнына 866 мың қорап көлемінде жарияланбаған тауар – темекі тапты.

Мемлекетке келтірілген залалдың, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың алдын ала сомасы кемінде 300 млн теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 234 бабымен қылмыстық іс қозғалды, жедел іс-шаралар жүргізілуде», - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары