×
507.05
594.82
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.05
594.82
6.51

Қазақстанда пәтер жалдау арзандады ма

Бүгін, 19:40
Қазақстанда пәтер жалдау арзандады ма
Ulysmedia коллажы

Соңғы айда Қазақстан бойынша пәтер жалдау бағасы орта есеппен 1 пайызға арзандады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бағаның аздап төмендеуі Астана, Алматы, Петропавл, Орал, Қостанай, Өскемен және Шымкент қалаларында байқалды. Ал Павлодар, Ақтау және Талдықорғанда керісінше, аз да болса өсім тіркелді. Қалған өңірлерде өзгеріс жоқ.

БАҒАЛАР

Қазақстан бойынша орташа жалдау құны — 3417 теңге/шаршы метр. Ең төменгі баға Түркістанда — 2000 теңге/шаршы метр, ал ең жоғарысы Алматыда — 5833 теңге/шаршы метр. Мәселен, Таразда бір бөлмелі пәтерді жалға алу орташа есеппен 85 мың теңге болса, Алматыда дәл сондай пәтер үшін 220 мың теңге сұралады. Мұндай деректерді Krisha порталы жариялады.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін елде жайлы пәтерлерді жалға алу бағасы соңғы 12 айдағы ең жоғарғы деңгейге жеткені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары