×
506.7
593.14
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.7
593.14
6.53

Ресейдің тағы бір танкері Венесуэла жағалауында ұсталды

Бүгін, 08:06
Ресейдің тағы бір танкері Венесуэла жағалауында ұсталды
Видео кадры

АҚШ әскери күштері Кариб теңізінде Sagitta танкерін тоқтатты. Ол Ресейдің «көлеңкелі флотына» тиесілі және санкция салынған мұнайды тасымалдаған. Бұл туралы АҚШ-тың Оңтүстік қолбасшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мәлімдемеде бұл Венесуэладан тек «тиісті әрі заңды түрде рәсімделген» мұнай ғана экспортталуы тиіс екенін көрсету мақсатында жасалғаны айтылған. Sagitta танкері АҚШ Қаржы министрлігінің санкциялық тізіміне 2025 жылғы 1 қазанда енгізілген. Онда кеме Панама туы астында санкцияға іліккен мұнайды тасымалдаумен айналысатын Ресейдің «көлеңкелі флотының» кемесі ретінде көрсетілген. Бұған Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге салынған санкциялар негіз болған.

КОНТЕКСТ

2025 жылғы желтоқсаннан бері АҚШ Кариб бассейнінде санкцияға іліккен венесуэлалық мұнайды тасымалдап жүрген танкерлерге бақылауды күшейтті. Америкалық тараптың мәліметінше, Sagitta — ұсталған жетінші кеме. Бұған дейін Bella 1 танкері туралы хабарланған еді. Ол бірнеше күн бойы қудаланып, кейін Панама туын ресейлік туға ауыстырып, атауын «Маринера» деп өзгерткен. Одан соң Ресейдің теңіз регистріне енгізілген. 7 қаңтарда танкер басып алынған. Көп ұзамай Ресейдің Сыртқы істер министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамп экипаж құрамындағы екі ресейлікті босату туралы шешім қабылдады деп мәлімдеді. Алайда 20 қаңтарда Сергей Лавров теңізшілердің әлі де босатылмағанын айтып, АҚШ-ты уәделерін орындамады деп айыптады. Америкалық тарап мұндай уәделердің болғанын жария түрде растаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары