×
506.7
593.14
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.7
593.14
6.53

Ресми: Иранда наразылық кезінде 4,9 мың адам қаза тапқан

Бүгін, 17:07
Ресми: Иранда наразылық кезінде 4,9 мың адам қаза тапқан
AP Photo

Иран билігі елдегі жаппай наразылықтарды басу барысында қаза тапқандар санына қатысты ресми мәліметті алғаш рет ашық түрде жариялады. Алайда аталған көрсеткіштер құқық қорғау ұйымдары келтірген деректерден едәуір төмен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекеттік телеарна Ішкі істер министрлігі мен қаза тапқандардың отбасымен жұмыс істейтін Шахидтер мен ардагерлер істері қорының мәлімдемесін таратты. Ресми дерекке сәйкес, наразылықтар кезінде 3 117 адам қаза тапқан, деп жазады Euronews.

Олардың 2 427-сі бейбіт тұрғындар мен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері екені көрсетілген. Ал қалған марқұмдарға қатысты нақты мәлімет берілмеген.

Бұған дейін Иран билігі мұндай ақпаратты мүлде жарияламаған немесе сыншылардың пікірінше, адам шығынын әдейі төмендетіп көрсетіп келген.

Ал АҚШ-та орналасқан HRANA (Human Rights Activists) құқық қорғау ұйымының мәліметінше, кемінде 4 902 адам қаза тапқан. Ұйым өкілдері нақты көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

КОНТЕКСТ

Бірнеше аптаға созылған көтеріліс қайталануы мүмкін бе? Аятолла билігі неге құламады? АҚШ Иранға не себепті соққы жасамады? Ulysmedia осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Серіктес жаңалықтары