×
506.7
593.14
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.7
593.14
6.53

Галина Легкодимова: «Қызымды өлтіргендер өмір бойы түрмеде отыруы тиіс»

Бүгін, 09:37
Галина Легкодимова: «Қызымды өлтіргендер өмір бойы түрмеде отыруы тиіс»
Ulysmedia.kz коллажы

Атырауда Яна Легкодимованы аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталғандар үкімді қайта қарауға тырысып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жәбірленуші тарап — Яна Легкодимованың анасы Галина Легкодимова мен оның заңды өкілдері сотталғандардың апелляциялық шағымдарын алған. Қазіргі уақытта адвокаттар құжаттарды зерделеп жатыр.

Осыдан кейін апелляциялық сот отырысының күні белгіленеді.

АНАСЫНЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Галина Легкодимова апелляциялық шағымның түскенін «Жетінші арнаға» растады. Қатыгездікпен қаза тапқан қыздың анасы сот үкімі өзгермеуі тиіс екенін мәлімдеді.

- Мен бір ғана нәрсені талап етемін — қызымды өлтіргендер өмір бойына түрмеде отыруы керек, – деді ол.

ҮКІМ

Еске салайық, былтыр 17 қарашада Яна Легкодаимованы өлтіргендерге сот үкімі шыққан болатын. Күдікті Ризуан Асланов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 

Серіктес жаңалықтары