×
506.7
593.14
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.7
593.14
6.53

Абу-Дабиде Украина, Ресей және АҚШ-тың үш жақты кездесуі өтетін болды

Бүгін, 10:36
Абу-Дабиде Украина, Ресей және АҚШ-тың үш жақты кездесуі өтетін болды
Фото: radio1.ru

Абу-Дабиде Украина, Ресей және АҚШ-тың үш жақтық кездесуі өтетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Алдағы бірнеше сағат ішінде Ресей делегациясы АҚШ-тың қатысуымен Украинамен келіссөздер жүргізу үшін Абу-Дабиге ұшып барады. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді. Бұған дейін президент Владимир Путин Мәскеуде АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнермен  кездескен болатын.

«Бүгін, яғни жұма күні, 23 қаңтарда Абу-Дабиде қауіпсіздік мәселелері бойынша үшжақты жұмыс тобының алғашқы отырысы өтетіні жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді», – деді Ушаков.

Бұған дейін Давоста Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ басшысы Дональд Трамп кездескен болатын. Сол уақытта Абу-Дабиде үш жақты кездесу болатыны жөнінде айтылған.

Серіктес жаңалықтары