×
506.7
593.14
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.7
593.14
6.53

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды

Бүгін, 12:01
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды
Ulysmedia.kz коллажы

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Инфляция 2025 жылдың қорытындысы бойынша 12,3% болып, Ұлттық Банктің болжамына сәйкес келді. Инфляцияның қалыптасуына азық-түлік компоненті (13,5%) көп үлес қосты. Оның құрылымында ет пен май бағасының шарықтауы өндіріс шығындарының өсуіне және жоғары экспорттық жеткізілімдерге негізделген. Азық-түлікке жатпайтын инфляция соңғы айларда айырбастау бағамының нығаюына байланысты біршама төмендеді (11,1%), ал реттелетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифінің әкімшілік шараларға байланысты төмендеуі салдарынан ақылы қызметтер бағасының өсу қарқыны баяулады (12,0% дейін).

АЙЛЫҚ ИНФЛЯЦИЯ

2025 жылғы желтоқсанда айлық инфляция біршама жеделдеп, 0,9% болды. Базалық инфляция 0,8% деңгейінде – жоғары қалпында қалды.

Инфляция бұрынғыша ұсыныс мүмкіндігінен асып түсетін орнықты ішкі сұраныс жағдайында қалыптасып отыр. Тарифтік реформаның және ЖЖМ нарығын ырықтандырудың қайталама әсері күтулер мен бағаларға әсер етті.

Халықтың алдағы бір жылға инфляциялық күтулері өсіп (14,7%), құбылмалы күйінде қалды. Инфляция бойынша нарықтағы кәсіби қатысушылардың 2026 жылға жасаған күтулері де 10,8%-ға дейін біршама өсті.

АЗЫҚ-ТҮЛІК

Азық-түліктің әлемдік бағасы соңғы айларда төмендегеніне қарамастан, әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Дәнді дақылдар мен қант бағасы өсу қалпында. Ресей Федерациясында инфляция қатаң ақша-кредит шарттарына байланысты бәсеңдеп, ЕО-да тұрақты түрде төмендеді. АҚШ-та ФРЖ сауда саясатына байланысты инфляциялық тәуекелдердің өскенін атап өтіп, мөлшерлемені біртіндеп төмендетуді жалғастырып келеді. Геосаяси шиеленіс күшейе түсті. Бұл белгісіздікті күшейтіп, мейілінше жоғары инфляциялық жағдайды қалыптастыруы мүмкін.

2025 жылы Қазақстан экономикасының өсуі жылдық мәнде 6,5% болды. Бұл ретте көлікте, құрылыста, саудада, сондай-ақ тау-кен өндірісі мен өңдеу өнеркәсібінде жоғары қарқын сақталып отыр.

Серіктес жаңалықтары