×
506.7
593.14
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.7
593.14
6.53

Петропавлда «Қызылжар» футбол клубының бұрынғы бас бухгалтеріне сот үкімі шықты

Бүгін, 12:46
Петропавлда «Қызылжар» футбол клубының бұрынғы бас бухгалтеріне сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда «Қызылжар» футбол клубының бұрынғы бас бухгалтеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Петропавлда «Қызылжар» футбол клубының бұрынғы бас бухгалтері Ольга Замелацкаяға сот үкімі шықты. Экс-бухгалтер 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

Сот үкіміне сәйкес, Ольга Замелацкая «Қызыл-Жар» футбол клубы» ЖШС пайдасына 67 225 967 теңге, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті пайдасына 287 163 354 теңге материалдық залал төлеуге міндеттелген. Бұдан бөлек, мемлекет кірісіне 10 721 680 теңге мемлекеттік баж өндіріледі.

63 жастағы Ольга Замелацкаяға қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу) және 245-бабының 3-бөлігі (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) бойынша айып тағылған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, Замелацкая 2023 жылдан бастап жалған құжаттарды пайдаланып, қаржылық құқық бұзушылықтар жасаған.

Бұған дейін «Қызылжар» футбол клубы ойыншыларына екі ай бойы жалақы төлемегені туралы ақпарат тараған. Соған байланысты футболшылар бірнеше күн жаттығудан бас тартқан. 

 

Серіктес жаңалықтары