×
506.7
593.14
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.7
593.14
6.53

«Некеге тұруға мәжбүрлеу». Нұрайдың өліміне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 15:48
«Некеге тұруға мәжбүрлеу». Нұрайдың өліміне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу аясында тағы бір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Қылмыстық іс 125-баптың 1-бөлігі «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бойынша қозғалған. Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров әлеуметтік желілерде хабарлады.

Бұған дейін ішкі істер министрлігі Шымкент қалалық полиция департаменті қызметкерлерінің үстінен«салғырттық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған еді. Сонымен қатар полиция департаментінің бүкіл басшылығы қызметінен босатылған.

Бұған дейін, 20 қаңтарда Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрайдың өліміне байланысты пікір білдіріп, ішкі істер министріне Шымкент полициясының әрекетіне құқықтық баға беруге тапсырма бергенін айтты.

Контекст

11 қаңтарда Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы аяусыз пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткені жөнінде ақпарат тарады. Кейіннен қылмысты жасады деген күдікпен 28 жастағы күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Қанды оқиғадан кейін марқұмның туыстары күдікті былтыр қазан айында Нұрайды еркінен тыс алып қашқанын, оған қыз да, ата-анасы да көнбей, полицияға шағымданғанын айтқан. Бірақ күдікті енді маңына жоламауға уәде бергеннен кейін Нұрай Серікбай кешірім берген. Алайда ол қыр соңынан қалмай қойған. Осыдан соң марқұмның туыстары тағы да полиция мен прокуратураға шағымданған. Бірақ құзырлы органдар әрекетсіздік танытқан. Осы ақпарат тарағаннан кейін әлеуметтік желіде «егер құзырлы органдар дер кезінде әрекет еткенде адам өлімі болмас еді» деген пікірлер көбейді.

 

Серіктес жаңалықтары