×
506.7
593.14
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.7
593.14
6.53

Астанада мәслихат депутаты баяндаманы қазақша жасауды талап етті

Бүгін, 17:30
Астанада мәслихат депутаты баяндаманы қазақша жасауды талап етті
Фото: instagram

Астанада өткен мәслихат отырысында қала мәслихатының бюджет және экономика мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Кендебай Адамбек мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кендебай Адамбек мәслихат отырысында баяндамашылардан қазақша есеп беруін сұрады. 

- Құрметті сөйлеушілер, 99,9 пайыз өз ұлтымыз отыр. Біріншіден, мемлекеттік тілдің үстемдігі. Баяндайсыздар ма, мемлекеттік тілде баяндаңыздар. Тәуелсіз мемлекет болғанымызға 34 жыл болды ғой. Баяғыда кеңес үкіметі 20 жылда қазақты орысшаға сөйлетіп тастады, – дейді комиссия төрағасы. 

Айта кетейік, мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының ағымдағы жылдағы бірінші отырысы өткен. Күн тәртібінде бір сұрақ: Астана қаласы әкімшілігінің ведомстволық мекемелерінің тиімділігін арттыру, иесіз нысандарды қабылдау жағдайы және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру болған. 

Негізгі баяндаманы 2 басқарма басшысы, жасап, қосымша сөзбен 6 ведомстволық мекеменің жетекшілері депутаттардың алдына шықты.

Серіктес жаңалықтары