×
506.7
593.14
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.7
593.14
6.53

Мәселе жабық - Сәпиев желіде тараған видео туралы

Бүгін, 19:10
Мәселе жабық - Сәпиев желіде тараған видео туралы
фото: shyndyk.kz

21 қаңтар күні Қарағандыдағы спорт мекемесінің аумағында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов арасында сөз таласы туындап, кейін төбелеске ұласқаны хабарланған еді.Олимпиада чемпионы әлеуметтік желіде үн қатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СӘПИЕВТІҢ  МӘЛІМДЕМЕСІ

Бүгін Серік Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Мен мемлекеттік қызметкермін және өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызмет этикасын сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім рингтен тыс жерде күш қолданбауды үйретті. Өз мүмкіндігімді жақсы білемін, барлық іс-әрекетім үшін жауапкершілікті сезінемін. Сол себепті арандатушылыққа ермеймін. Мәселе толықтай жабық," – деп жазды ол.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АҚПАРАТЫ

Бұған дейін Сәпиев әріптесімен болған қақтығыстан дене жарақатын алғаны, ал төбелес фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылған.

23 қаңтарда оқиға болған мекемеде орнатылған бейнебақылау камерасынан алынған кадрлар жарияланды. Онда Серік Сәпиевтің костюм киіп, қолында папкамен кабинетке кіргені, ал біраз уақыттан соң пиджагын шешіп, ақ көйлекпен жүгіріп шыққаны көрінеді.

Қарағанды облыстық полиция департаменті ресми түрде былай деп хабарлады:

"42 жастағы қала тұрғынының арызы бойынша дене жарақаты фактісімен қылмыстық іс қозғалды. 21 қаңтарда спорт кешендерінің бірінде екі азамат арасында жанжал болғаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық мән-жайды тексеріп жатыр."

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

“Ешкім ешкімді ұрған жоқ” деген пікірлер де айтылды. Қақтығыстан кейін әлем чемпионы, аралас жекпе-жек сарапшысы Айдар Махметов өз көзқарасын білдірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда жағдай толық реттелген, тараптар өзара түсіністікке келген және мәселе жабылған.

Серіктес жаңалықтары