×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

ЕАЭО елдері ішінде ең жоғары инфляция Қазақстанда тіркелді

26.01.2023, 15:33
ЕАЭО елдері ішінде ең жоғары инфляция Қазақстанда тіркелді
Фото: Ашық дереккөзден

2022 жылдың соңында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде жалпы инфляция 13%-ға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еуразиялық экономикалық одақ 2022 жылдың қорытындысын шығарды. Қорытындыға сәйкес, 2022 жылдың желтоқсанында тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда 100,8%-ды, 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 112,9%-ды құраған. 2022 жылы азық-түлік емес тауарлардың бағасы ең жоғары (13,3%-ға) өсімді көрсеткен. Осы кезеңдегі өнімнің өзіндік құны 12,2%-ға, ақылы қызметтерге – 12,9%-ға өскен.

ЕАЭО елдерімен салыстырғанда азық-түлік бағасының өсуі Қазақстанда (25,3%-ға), Қырғызстанда (17,1%-ға) және Беларусьте (13,8%-ға) байқалды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар құнының ең көп өсімі Қазақстанда (19,4%-ға) және Беларусьте (13,7%-ға), ақылы қызмет көрсетулер бойынша – Қазақстанда (14,1%-ға) және Ресейде (13,2%-ға) байқалды.

ЕАЭО елдерімен салыстырғанда азық-түлік бағасының өсуі Қазақстанда (25,3%-ға), Қырғызстанда (17,1%-ға) және Беларусьте (13,8%-ға) байқалды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар құнының ең көп өсуі Қазақстанда (19,4%-ға) және Беларусьте (13,7%-ға), ақылы қызмет көрсетулер бойынша – Қазақстанда (14,1%-ға) және Ресейде (13,2%-ға) тіркелді.