Қайғылы оқиға Оралдағы ЖШС-тердің біріне тиесілі шұжық өндіретін цех аумағында болған. Жұмыс кезінде 40 жастағы ер адамды өндірістік станок қысып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алған жарақаттарының салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Оқиға туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті растады.
ДӘЙЕКСӨЗ
– Оқиға бойынша іс жүргізіліп жатыр, тексеру басталды, – деп хабарлады ведомство "Мой город" өңірлік басылымына.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, жұмысшының қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.