×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

Қазақстанның тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 09:12
Қазақстанның тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды
ЖИ/Ulysmedia

25 қаңтар күні синоптиктер Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Қазгидромет" мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Алматы, Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Орал, Атырау, Ақтөбе және Қостанай қалаларында күтіледі.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.
Серіктес жаңалықтары